"Көңілді жаз"

Добавил: администратор

Утеубаева Қарлығаш Қабиденовна

"Ақбота" бөбектер бақшасының тәрбиешісі

 

Зал  әсем безендірілген

Сәлеметсіздер ме  құрметті   қонақтар  бүгінгі  кешке  келгендеріңізге  көп рахмет  сіздерді бүгін  көптеген  қызықтар  күтіп тұр.Ал  енді  орындарымызға  жайғасып  көңілді  әсем әуенмен  «Ретро»  саяхатқа  аттанайық!

(Әсем  әуен  Астана  қаласының  көрінісі  слаид)

(Екі  әйел  адам  ауланы  сыпырып  жүреді.)

-Сәлеметсізбе  Қарлығаш  апай

- Сәлеметсіңбе  Жадыра!

-Қалыңыз  қалай?

-Қандай  жаңалық  бар?

-Сол  барлығы  бұрынғыша сыпырып  жүрген

-Сізді  көргеніме  сондай қуаныштымын!

-Кәне отырып  біраз әңгімелесейік!

-Екеуміз  бір-бірімізді  көрмегелі   көп уақыт  болып қалыпты

-Қараңызшы  жаңа сыпырып  жүріп не тауып  алдым!

-Ой  бұл  пластинка  ғой  қандай керемет

-Жүр тыңдап көрейік  әуендерді

-Оны қайда  барып тыңдаймыз?

-Мына  жерде  керемет дәмхана бар сонда  барып  тыңдайық!

-Жүр  кеттік  ендеше

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда,

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндердің ұйымдастыра өткізілгелі отырған «Қош бол балабақшам!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер. Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

 Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Балдырған бүлдіршін түлектерді,- деп «Көбелектер» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.

Би «ұлдар  мен қыздар»

Әрбір  бала  армандағанды  ұнатады.Бүгін  біздің  балабақшамызда  «Арман»  дәмханасы  жұмыс  істейді. Қазір  біздің сұлу  қыздарымыз  болашақта  кім  болатындары жайлы  тақпақтарын  айтып береді

Амира:Мен суретші боламын,

Бәріңді де саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.

 

Айару: Мен дәрігер боламын,

Бәрін емдеп жазамын.

Адамдарды құрметтеп,

Бәріне ие боламын.

 

Елдана: Ал мен ақын боламын,

 Өлеңдерді жазамын.

Ақындыққа ие болып,

Бәрінен озып шығамын.

 

Би: «Буги-буги»

Тақпақтар:

Аңсат:Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше,
Балабақшамызбен қоштасатын.
Бүгінгі той ерекше.
Сания:
Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз.
Жүретіндей мақтана.
Мақсат:Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Махаббат:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз.
Әділжан:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып ән жазып
Оқып жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім
Апай болды анамдай.

Байжан:

Балабақша есігін

3- ке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Айзере:

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз

Бұл құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы

Мұнда жақын туыстық

Мұнда тұңғыш дос таптық

Данара:

Бала бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз

Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып ән шырқап

Билеп-билеп береміз

Нұрали:

Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп оқыдық көп білдік

Елмен Отан жайында

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғындар

Туған Отан қуансын

Ер жетті деп бөбегім

Қадыр:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қыимаймыз

Қоштасатын күн бүгін

Е.Арнур

Ботақандай бөбектеп

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін

Э.Арнур

Барамыз біз мектепке

Бір белестен өттік біз

Өсті міне бойымыз

Өсті ақыл ойымыз

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойымыз

Ойын «Ата-аналармен»

-Кім  бірінші сынып  оқушысын  қадағалайды?

-Кім  ерте сабаққа  тұрады?

-Ал  кім  мектеп  сөмкесін  жинайды?

-Әліппені кім оқиды?

-Бала  екілік  баға  алса  кім кінәлі  болады?

-Кім  ата-аналар  жиналысына  қатысады?

Ән «                 

Тақпақтар:

Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Бану  Ізбасарқызына мың алғыс!

 

Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді қарайлап.
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын,
Айгерім  апайға көп рахмет!

 

Денсаулығы болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Мапдина апайға  мың алғыс!

 

Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Жазира  апайға  мың алғыс!

 

Күліп қарап ісімізге шаттанған,
Дәмді асымен жайған бізге дастархан.
Анамыздай аялаған біздерді
Раушания,Айгүл,Валя апайлардың  мінезі бай дархан.

 

Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған, 
Қате болсақ кешірген
Жадыра,Қарлығаш  апайларға  мың рахмет!

 

Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған.
Нұрғайша апайға  мың рахмет!

Ән:

Бүгін міне, балабақшамыздың түлектерін ұшырғалы отырмыз. Балабақшаға бүлдіршін болып келіп, шәкірт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің балабақша қабырғасында жүріп «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»  салаларында өздерін дамытып, білімдерін шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді.
Биылғы түлектер өнерлі де алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болады деген сенімдеміз. Осыған орай балабақша түлектеріне ақ жол тілеп, лебізін білдіруге балабақша меңгерушісі Байбусинова  Бану  Ізбасарқызына   сөз береміз.

Эти статьи могут вам понравиться

Пайдалы сілтемелер