"Аққала бізде қонақта"

Добавил: администратор

Маусымбаева Диана Анатольевна

"Ақбота" бөбектер бақшасының тәрбиешісі

 

"Аққала бізде қонақта"

 

   Ерте,ерте,ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті.Күнднрдің бір күнінде шал үйде отыра отыра жалығып кетіп бақшаға барып шалқан екпекші болады.Шалқанды шал күнде суарады,күтеді,баптайды.Шалқан күннен күнге үлкен болып өседі.

    Бір күні шал шалқанның үлкен болғанын көріп,оны алып шықпақшы болады. Шалқанды шал тартады,тартады бірақ шалқанды жұлып ала алмайды.Сосын көмекке кемпірін шақырады:

-Кемпір,кемпір келші маған көмектесші,дейді.

Кемпір келіп  тартады,тартады бірақ шалқан шықпайды.Кемпір аулада ойнап жүрген немере қызын көріп қойып көмекке шақырады:

-Немере қыз,немере қыз мында келші көмектесші дейді.

Немере қыз жүгіріп келіп атасы мен апасына көмектеседі бірақ шалқанды алып шыға алмайды.

  Немере қыз өзінің досы Ақтөс атты итті көмекке шақырады:

-Ақтөс, Ақтөс мында келші бізге көмектесші дейді.

    Ақтөс жүгіріп келіп атасы шалқанды,атаны әжесі,әжені немере қызы,немере қызын Ақтөс тартып, тартып шалқанды шығара алмайды.Содан кейін Ақтөс өзінің досы мысықты көмекке шақырады:

-Мысық, мысық мында келші бізге көмектесші дейді.Барлығы шалқанды тартады , тартады бірақ шалқанды шығара алмайды.Енді не істейміз деп тұрғанда інінде тұрған тышқанды мысық көріп қояды.

-Тышқан,тышқан мында келші шалқанды алып шығуға көмектесші дейді.

   Тышқан келіп бар күшін салып шалқанды тартып қалып еді шалқанды бірақ жұлады.

  Шалқанды алып шыққанына атасы өте қатты мәз болады.

Барлығы мәз мәйрам болып ары қарай бақытты да ұзақ өмір сүреді.

Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескертпе

                                              АТА- АНАЛАР!

Жаз мезгілінде балаларды үлкендердің қарауынсыз көлге жібермеңіздер. Балаларға суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіздер, суда тентектік жасауға тиым салыңыздар. Балаларды судағы қауіпті жағдайлардан  қорғау әрбір ата-ана мен мұғалімнің міндеті.   

Қатаң тиым салынады:

1.Үлкендердің бақылауынсыз көлде шомылуға болмайды;

2. Қайықпен жүруге;  көпірден, қайықтан, биік жардан суға сүңгуге;

3. Кешке және түнде суға түсуге болмайды;

4. Көл жағалауынан алыс кетуге, шомылуға рұқсат етілген белгілерден шығуға болмайды;

5. Жүзіп жүрген кемелерге, катерлерге, гидроцикл,  ескекті қайықтарға жақын баруға болмайды; 

6. Техникалық ескерту белгілеріне, буиларға, бакендерге мінуге болмайды; 

7. Қайықтан, катерден, желкенді қайықтан және басқа да жүзу құралдарынан суға секіруге болмады; 

8. Айлақтардың, көпірлердің, т.б. жанында шомылуға болмайды;

9. Күннің көзі кеткеннен кейін кешкі мезгілде суға шомылуға болмайды;

10.Таныс емес жерлерде суға секіруге болмайды;

11. Биік, жарлы жағалауда шомылуға болмайды;

12. Суда бір-бірін қуып, суға батырып ойнайтын ойындарға қатаң тиым салынады. Судың астында біреуді аяғынан ұстауға болмайды. Қорыққан адам әзілқойға зақым келтіруі мүмкін. 

Өз өмірлеріңді қауіп қатерге тікпеңдер! Көлге шомылған кезде тәртіп сақтаңдар!

 

Эти статьи могут вам понравиться

Пайдалы сілтемелер