Қыс

Добавил: администратор

Шамшархан Заңғар Жомартұлы, Кувандик  Аяжан, Абуталип Роза, Давришева Сият, Лазгиева Айханым, Нурмамедқызы, Горбенко Ангелина

 «Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылары

 

«Қыс кереметтері»

Жыл мезгілдерінің бір-қыс мезгілі де келді.Қыс айлары желтоқсан,қаңтар,ақпан.Қыс мезгілінде ауа райы құбылып тұрады. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, жұмыстарынан қала алмайды. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Балалар  аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы  тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар.

Дайындаған: 4 «А»сынып оқушысы

Абуталип Роза

«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

 

Жетекшісі:Кабакова Жанат Нургалиевна

 Қыс

 Қыс айы өте тамаша.Қар жауап,жер ақ көрпеге оранады.Ағаш бұтақтарында  жапырақтар орнында аппақ қар тұрады.Мұржалардан түтіндер будақтап шығады.        

Коньки, шана сүйреп, күнімен далада ойнаймыз. Шымырлаған аяз бетті қариды.Қолымыз тоңып, үйге кешке ораламыз.Жып-жылы үйдегі пештің қуысына отырғанда, маужырап ұйқы басады.

«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

2 «Ә» сынып оқушысы

Кувандик  Аяжан

 

Жетекшісі: Джанибекова Гулзина Тасбаевна

      Бәйтерек

 Ерте,ерте,ертеде, ешкі жүні бөртеде түрік тайпалары кең далада көшіп - қонып жүріпті. Олар табиғаттың ерке перзенттері екен. Қыста  қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүріпті. Олар ауру –сырқаудың не екенін білмепті. Себебі, дауылдан да,суықтан да қорықпапты.  

 Бір күні  әлгі тайпаның көсемі елін жинап,өсиет айтыпты.

-Уа,халқым, менің сендерге айтар өсиетім бар. Ендігі уақытта біз жерұйық мекенді тауып,қоныстануымыз керек. Сол үшін ұзақ сапарға шығамыз,--дейді.       

 Олар ұзақ жол жүріп, бір шөл далаға тоқтайды.  Түркі тайпасының көсеміне сол далада еркелей ағып жатқан өзен ұнайды. Ол:

-О,халқым! Тәңірдің бізге мейірімі түсті. Мынау қиян шөлде аққан өзен бойына қоныс тебейік. Су –өмір нәрі. Су бар жерде тіршілік жалғасады. Мына өзенге Есіл деп ат қоялық,себебі долданбай,   есіліп ағып  су – мөлдір де тұнық болады , - деп тайпасын осы жерге  қоныстандырады. Көсемінің сөзін екі етпейтін түркілер осы жерде мәңгі өмір сүріпті. Әлі күнге дейін олар бай,бақуат ғұмыр кешіп жатыр екен.

 Көктем келіп, жер - ана гүлденіп, айнала жасыл желек жамылады.  Ақсақал  бір көшет егеді.Сол көшет үлкен ағаш болып жайқалып өсіпті. Бүгінде қаламыздың мақтанышы болған  «Бәйтерек» монументі  сол ақсақал отырғызған ағаштың символы екен. Ия,балалар біз түркі тайпаларының  ұрпақтарымыз.Ештеңе із- түссіз қалмайды.

Бәйтерек - мәңгі өмірдің белгісі. 

Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы

Төле би ауылы

«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 5 «б» сынып оқушысы

Давришева Сият

 

 Жетекшісі: қазақ тілі пәні мұғалімі Асабаева Э.Ж.

 

«Рухани жаңғыру» 100 есім жобасы атты өтілген іс-шара

/Мақала\

    Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны айқын. Солардың бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Осы жоба аясында біздің сыныбымыз бен сынып жетекшіміз Салимбаева Аяла Еділқызымен  бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданы Төле би ауылында тұрған осы  ауылдың көркейуіне дамуына үлес қосқан ұлы адамдар жайлы іздеп зерттедік.100 есімді анықтай отырып солардың ішіндегі қарт ұлы тұлға Магамадов Барик Раджапович жайлы терең зерттедік ол кісі қарапайым жүргізушіден еңбек жолын бастап совхоздың басшысы 1-ші хатшы,бригадирлік дәрежесіне дейін көтерілген өзі басшы бола жүре қарапайым еңбекқор туған жерін сүйетін,азамат болған. Біздің сынып Барик Раджаповичпен кездесу ұйымдастырып ол кісінің еңбек жолын,ақыл кеңестерін тыңдап ,батасын алдық Рухани жаңғыру аясында мектебімізде 100 есім, 100 ән, 100 кітап  атты іс шаралар ұйымдастырылып өтілуде бұл жобалардың бізге берер тәрбиелік мәнімен тарихи естеліктері мол ,жобаның болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтаса керек.

Еңбекшіқазақ ауданы,Төле би атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Лазгиева Айханым Нурмамедқызы

 

Жетекшісі:қазақ тілі пәні мен әдебиеті пәні мұғалімі: Салимбаева Аяла Едиловна

Зима

Зимушка – зима

Зимушка моя!

Снег, буран да ветер

В наши бросила края.

 

Зимушка – зима,

Славная краса!

Разом, словно в сказке,

Радость принесла.

 

Дорожки запорошила,

Сугробы намела.

И много –много радости

Детишкам принесла.

Горбенко Ангелина

3 «Б» класс

 

КГУ «средняя школа имени Толе би с дошкольным мини-центром»

«Анам - Әкем»

Мейірім мен шапағат,

Анашымнан тарайды.

Әділдік пен адалдық,

Әкешімнен тарайды.

Менің анам бұл елде –

Ең керемет бір адам!

Ал әкешім – қорғаным,

Сағынышым, жыр-әнім!

«Ақ қала»

Аққалам менің, аққалам!

Аққала жасап, ақ балам

Өмірге қадам аттаған,

Мақтанам әрі шаттанам!

«Тасбақаның шындығы»

Қалмаймын деп құрдасымнан,

Баяу-тез жүріп келемін.

Құрлықта баяу,

Суда жүйрік,

Тасбақа деген мен болам!

«Біздің ту»

Мәңгі желбіреп тұрады

Түсі аспаннан аумайды.

Қазақстанның белгісі –

Рәміздердің ұлысы!

«Аяз»

Мейлі, күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не, біз үшін?

Шыныққан баламыз!

«Алғашқы қар»

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді шаналар,

Елемей ызғарды.

 

 

 

«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шамшархан Заңғар Жомартұлы

 

4 «А» сынып оқушысы

 

Эти статьи могут вам понравиться

Пайдалы сілтемелер