Көктем-ана, қыздар-гүл

Добавил: администратор

Оразалина Эрика Сергеевна

«Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі

 

Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.

Жүргізуші:Аяулы аналар,әжелер,қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән  маржанын шашайық  деп  баллардың  орындауында  «Анашым» әні  қабыл алыңыздар!

Тақпақтар:

Жүргізуші:Балалар тыңдандаршы  бұл  ненің  дауысы?

Музыка  әуенімен  залға  Клепа  сайқымазақ  кіреді

Клепа:-Сәлеметсіңдер ме,балалар  қандай  керемет  әдемі  қыздар  өздері.Қыздар  мен  сендерді мерекелеріңмен  құттықтаймын!Мен  Клепа  сайқымазақпын туй  сондай  шаршап  кеттім  гой!

Жүргізуші:-Сәлеметсің бе,Клепа  сен сонау  жақтан  біздің асыл  әжелерімізді,аналарымызды,қыздарымызды  құттықтауға  келдің  ба?

Клепа:-Әрине  мен  сыйлық  алып  келдім! (қолын  қалтасына  салады)

Бұл  моншақ  жай  емес,сиқырлы  моншақ! (қалтасынан  моншақсыз  жіп  алып шығады)

-Ой,ой  мен  сендерге  жүгіріп  келе жатқанда  моншақтарды жоғалтып  аыппын,енді  не істейміз?Балалар  сендер  маған  осы моншақты  жинауға көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші:-Клепа,уайымдама  біз  саған  моншақтарынды  тауып  беруге  көмектесеміз!

-Клепа:Алақай  мен  бір  моншақ  тауып  алдым (моншақты  жүргізушіге  береді)

Ал  енді  мен  қалған  моншақтарды  іздейін!Келесі кездескенше,балалар!

Жүргізуші:-Қарандаршы  қандай  әдемі  моншақ,келесі  кезекті біздің  ұлдарымыздың  биіне  береміз

Тақпақтар:

Жүргізуші:-Тақпақ  айттық,би  биледік  ал  біздің  Клепа  досымыз  али жоқ!Енді  бізге  кім  көмектеседі екен?

(Музыка  әуенімен  залға  мысық  кіреді)

Мысық:Сәлеметсіңдер ме  балалар,мерекелеріңмен!Мен  жаңа жолда келе  жатып  мына  моншақты  тауып  алдым!

Жүргізуші:-Рахмет,саған  мысық,кәне  төрге  шығағой  бідің балаларымыздың   өнерін  тамашала!

Жүргізуші  екінші  моншақты  жіпке  өткізеді

Тұлыншағым желпілдеп

Би билейік кештерде

Ақ көйлегім желпілдеп

Биші болам өскенде  дей отыра  қыздардың  орындауында  «Түймедақтар» биі

Жүргізуші:-Мысық,сен  ойын ойнағанды  ұнатасың ба?

Мысық:Әрине  ұнатамын  маған  осы залдан  екі  ана  керек 

Ойын:Мысық  екі  анамен  ойын  ойнатады  киімдерді  жіпке  жаяды

(Музыка  әуенімен  залға  Пеппа  кіреді)

Пеппа:-Сәлеметсіңдер  ме,балалар,қыздар  мен  сендерді  8 наурыз мерексімен  құттықтаймын!Мен  жаңа  ойнап  жүріп осындай  әдемі  моншақ тауып  алдым

Жүргізуші:-Қандай  керемет  ол  біздің  моншағымыз  гой! Рахмет  саған Пеппа  төрлет  біздің  балаларымыздың  өнерін  тамашала!

Келесі кезекті  тағы да биге береміз

-Клепа  жүгіріп  кіреді  таптым,таптым

-Жүргізуші:Қандай  тамаша  бідің  моншағымыз  толық  болған  сияқты

-Клепа:Моншақ біреу  ал аналарымыз  көп  енді не істейміз

-Жүргізуші:Клепа,біздің  балаларымыз  өз аналарына  моншақ  жасап  қойды

Келесі  кезекті әсем  әнге  береміз «Ана  өмір  шуағы»

Осымен  аналар күніне арналған  ертеңгілігіміз  аяқталды  келесі  мерекеде  кездескенше  қош  сау  болыңыздар!

Эти статьи могут вам понравиться

Пайдалы сілтемелер